Skip to content
Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Мектеп туралы
    • Мектеп құрылымы
  • Байланыс
  • Русский

Мектепте 1, 3, 4-сынып оқушыларының оқулықтарды ұқыпты пайдалануын бақылау мақсатында рейд жүргізілді. Рейд барысында оқулықтардың сақталу жағдайы, тазалығы және бүтіндігі тексерілді.Оқушыларға оқулықтарды күтіп ұстау, таза сақтау және оқу жылы соңында жақсы жағдайда тапсыру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Оқулық — білімнің негізгі құралы. Сондықтан әр оқушы өз оқулығына жауапкершілікпен қарап, оны ұқыпты пайдалануы қажет.

Posted on 22.09.202622.09.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @y.altynsarin.mek_kitapkhanasy

Биология пәні бойынша 11-сынып оқушыларымен «Әртүрлі өсімдіктердегі фотосинтездеуші пигменттердің мөлшерін зерттеу» тақырыбында зертханалық жұмыс өткізілді. Зертханалық жұмыстың мақсаты – әртүрлі өсімдік жапырақтарындағы фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу, хлорофилл және каротиноидтардың ерекшеліктерін анықтау, өсімдік түріне байланысты пигменттердің мөлшеріндегі айырмашылықтарды салыстыру.Сабақ барысында оқушылар зертханалық жұмыс ережелерімен және қауіпсіздік талаптарымен танысты. Оқушылар әртүрлі өсімдіктердің жапырақ үлгілерін пайдаланып, пигменттерді бөліп алу және олардың ерекшеліктерін бақылау жұмыстарын жүргізді. Алынған нәтижелерді салыстырып, бақылау нәтижелерін кестеге түсірді және қорытынды жасады. Пән мұғалімі: Карипбаева Ш.Т

Posted on 22.09.202622.09.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

«Таза Қазақстан» – жасыл болашаққа бастар игі қадам! Бүгін мектебіміздің ұстаздары мен 11-сынып оқушылары Еуразиялық энергетикалық корпорациясы ұжымымен бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бүгінгі отырғызылған бір тал – ертеңгі ұрпаққа қалатын жасыл мұра» ұранымен қарағай көшеттерін отырғызды. Бұл игі бастама мектеп аумағын көгалдандыруға, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға және жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Мектебіміздің жасыл желекке бөленуіне үлес қосып, осындай құнды сый жасаған Еуразиялық энергетикалық корпорациясының басшылығы мен ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз! Бірлескен еңбектің нәтижесінде отырғызылған әрбір көшет тамыр жайып, жайқалған жасыл желекке айналып, келер ұрпаққа жасыл мұра болып қалсын! Таза Қазақстан – таза орта, көрікті мектеп, жарқын болашақ! 🌳

Posted on 21.09.202621.09.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

☕️ «Лингвистический эспрессо» — тіл әлеміне серпін берген ерекше таң!

Posted on 21.09.202621.09.2026 By admin
Жаңалықтар

18 қыркүйек 2026 жылы Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде Тілдер апталығы жоспары негізінде мұғалімдер мен оқушыларға арналған интерактивті таңғы шара — «Лингвистический эспрессо» өтті. ☕️📚Шараны орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Толеутай З.Е. 11 «А» сынып оқушылары мен Мектеп парламенті бірлесе ұйымдастырды. Таңғы кофенің жылуы мен тіл білімінің қызықты әлемі тоғысқан шара барысында қатысушылар … Read More «☕️ «Лингвистический эспрессо» — тіл әлеміне серпін берген ерекше таң!» »

ол қауіпсіздігі – басты назарда!Ақсу қалалық прокуратурасы мен Ақсу қаласының полиция қызметкерлерінің бірлесуімен оқушыларға жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Кездесу барысында оқушыларға жол қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, жаяу жүргіншілер өткелінен жолды дұрыс әрі қауіпсіз өту тәртібі, сондай-ақ велосипедпен жүру кезіндегі қауіпсіздік ережелері көрсетілді. Оқушылар өздерін жолда қауіпсіз ұстау бойынша пайдалы ақпараттар алды.Оқушыларға жол қауіпсіздігі бойынша маңызды ақпарат берген Ақсу қаласының прокуроры Динара Алиқызы мен полиция сержанты Айдос Берикболовичке алғысымызды білдіреміз! 🤝Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!Жол ережесін сақтайық, қауіпсіздікті бірге қамтамасыз етейік!

Posted on 21.09.202621.09.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Мектеп паспорты

Posted on 18.09.202618.09.2026 By admin
МЕКТЕП ПАСПОРТЫ

📣 БАЛАЛАРДЫ ҮЙІРМЕЛЕРГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

Posted on 18.09.202618.09.2026 By admin
Салауатты өмір салты, Спорттық іс-шаралар

Бала бойындағы қабілетті ерте байқап, оны дамыту — үлкен мүмкіндік. ✨ Мектебімізде оқушылардың қызығушылығына қарай спорттық және интеллектуалдық бағыттағы үйірмелер ұйымдастырылған. 🏃 Жеңіл атлетика🏐 Волейбол⚽ Футбол🏀 Баскетбол♟️ Шахмат🪙 Асық🎯 Тоғызқұмалақ Үйірме — тек уақыт өткізу емес.Бұл — жаңа достар, жаңа дағдылар, жаңа жеңістер! 🏆 📌 Кестемен танысып, өзіңізге ұнайтын үйірмені таңдаңыз! Қабілетіңді дамыт! Өзіңе сен! … Read More «📣 БАЛАЛАРДЫ ҮЙІРМЕЛЕРГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!» »

11 қыркүйек күні мектебіміздің 1-сынып оқушыларына жол қозғалысы ережелерін үйрету мақсатында жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Кездесу барысында полиция қызметкерлері оқушыларды жол қозғалысының негізгі ережелерімен, жол белгілерімен және жаяу жүргіншілер өткелінен қауіпсіз өту тәртібімен таныстырды. Сонымен қатар балалар мектеп маңындағы жолға шығып, алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті. Іс-шара соңында оқушылар көлік жүргізушілеріне жол қауіпсіздігі ережелері жазылған арнайы брошюралар таратып, жолда мұқият болуға шақырды.Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы Сламбеков А.А, жол полициясының инспекторлары – полиция капитаны Есболат Д. мен полиция лейтенанты Қайратбеков Д.-ға шынайы алғысымызды білдіреміз! Сіздердің еңбектеріңіз бен кәсіби қолдауларыңыз балалардың жол қозғалысы ережелерін терең меңгеруіне және қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруына үлкен үлес қосады.Ұйымдастырған: 1 сынып жетекшілеріБалалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!

Posted on 18.09.202618.09.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Бүгін Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына сәйкес «Денсаулық фестивалі – 2026» денсаулық күні өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың денсаулығын нығайту, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ұйымшылдық пен белсенділікке тәрбиелеу.Денсаулық күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен салтанатты түрде ашылып, қатысушылардың құттықтау тілектерімен жалғасты. Одан кейін оқушылар «Салауатты ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбындағы көңілді флешмобқа қатысты.Фестиваль барысында мектеп ауласында, спорт залында және спорт алаңында түрлі спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Оқушылар арқан тарту және басқа да командалық сайыстарда күш сынасып, өздерінің ептілігін, шапшаңдығын және ұйымшылдығын көрсетті. Іс-шараға оқушылармен қатар ұстаздар мен ата-аналар да белсенді қатысты. Денсаулық күні көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға ерекше серпін мен жағымды әсер сыйлады. Осындай спорттық іс-шаралар өскелең ұрпақты дені сау, белсенді, жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуға үндейді.Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!

Posted on 18.09.202618.09.2026 By admin
Жаңалықтар, Салауатты өмір салты, Спорттық іс-шаралар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Мектеп директоры И.Е. Егистің азаматтарды жеке қабылдауы өтті.

Posted on 18.09.202618.09.2026 By admin
Жаңалықтар

Кездесу барысында ата-аналар өздерін алаңдатқан мәселелерін ортаға салып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Әрбір өтінішке мұқият назар аударылып, көтерілген сұрақтарға нақты әрі жан-жақты жауаптар берілді. Жеке қабылдау — мектеп әкімшілігі мен ата-аналар арасында ашық диалог орнатуға, өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды тиімді шешуге мүмкіндік беретін маңызды алаң. Мектеп пен ата-ана арасындағы тұрақты байланыс пен өзара … Read More «Мектеп директоры И.Е. Егистің азаматтарды жеке қабылдауы өтті.» »

Posts pagination

Назад 1 … 16 17 18 … 58 Далее

Мектеп жұмысы

  • 2026-2027 оқу жылын ұйымдастыру
  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар
    • Салауатты өмір салты
    • Спорттық іс-шаралар
  • Мектептің өзін- өзі бағалауы
  • Аға тәлімгер
  • «Асыл әжелер» клубы
  • Мектепалды даярлық
  • МЕКТЕП ТАРИХЫ
  • МЕКТЕП ПАСПОРТЫ
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ
  • Қорытынды аттестаттау
  • Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі
  • Әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық сосын осы рубрика
  • ҰБТ

Оқыту жұмысы

Кітапхана

Тәрбие беру жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Қамқоршылық кеңес

Асхана

Copyright © 2026 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп.

Theme: Oceanly by ScriptsTown