11 қыркүйек күні мектебіміздің 1-сынып оқушыларына жол қозғалысы ережелерін үйрету мақсатында жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Кездесу барысында полиция қызметкерлері оқушыларды жол қозғалысының негізгі ережелерімен, жол белгілерімен және жаяу жүргіншілер өткелінен қауіпсіз өту тәртібімен таныстырды. Сонымен қатар балалар мектеп маңындағы жолға шығып, алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті. Іс-шара соңында оқушылар көлік жүргізушілеріне жол қауіпсіздігі ережелері жазылған арнайы брошюралар таратып, жолда мұқият болуға шақырды.Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы Сламбеков А.А, жол полициясының инспекторлары – полиция капитаны Есболат Д. мен полиция лейтенанты Қайратбеков Д.-ға шынайы алғысымызды білдіреміз! Сіздердің еңбектеріңіз бен кәсіби қолдауларыңыз балалардың жол қозғалысы ережелерін терең меңгеруіне және қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруына үлкен үлес қосады.Ұйымдастырған: 1 сынып жетекшілеріБалалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!