ол қауіпсіздігі – басты назарда!Ақсу қалалық прокуратурасы мен Ақсу қаласының полиция қызметкерлерінің бірлесуімен оқушыларға жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Кездесу барысында оқушыларға жол қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, жаяу жүргіншілер өткелінен жолды дұрыс әрі қауіпсіз өту тәртібі, сондай-ақ велосипедпен жүру кезіндегі қауіпсіздік ережелері көрсетілді. Оқушылар өздерін жолда қауіпсіз ұстау бойынша пайдалы ақпараттар алды.Оқушыларға жол қауіпсіздігі бойынша маңызды ақпарат берген Ақсу қаласының прокуроры Динара Алиқызы мен полиция сержанты Айдос Берикболовичке алғысымызды білдіреміз! 🤝Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!Жол ережесін сақтайық, қауіпсіздікті бірге қамтамасыз етейік!