Skip to content
Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

Ақсу қаласы

Бүгін Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына сәйкес «Денсаулық фестивалі – 2026» денсаулық күні өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың денсаулығын нығайту, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ұйымшылдық пен белсенділікке тәрбиелеу.Денсаулық күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен салтанатты түрде ашылып, қатысушылардың құттықтау тілектерімен жалғасты. Одан кейін оқушылар «Салауатты ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбындағы көңілді флешмобқа қатысты.Фестиваль барысында мектеп ауласында, спорт залында және спорт алаңында түрлі спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Оқушылар арқан тарту және басқа да командалық сайыстарда күш сынасып, өздерінің ептілігін, шапшаңдығын және ұйымшылдығын көрсетті. Іс-шараға оқушылармен қатар ұстаздар мен ата-аналар да белсенді қатысты. Денсаулық күні көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға ерекше серпін мен жағымды әсер сыйлады. Осындай спорттық іс-шаралар өскелең ұрпақты дені сау, белсенді, жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуға үндейді.Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!

Posted on 18.09.202618.09.2026 By admin
Жаңалықтар, Салауатты өмір салты, Спорттық іс-шаралар
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Навигация по записям

❮ Previous Post: Мектеп директоры И.Е. Егистің азаматтарды жеке қабылдауы өтті.
Next Post: 11 қыркүйек күні мектебіміздің 1-сынып оқушыларына жол қозғалысы ережелерін үйрету мақсатында жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Кездесу барысында полиция қызметкерлері оқушыларды жол қозғалысының негізгі ережелерімен, жол белгілерімен және жаяу жүргіншілер өткелінен қауіпсіз өту тәртібімен таныстырды. Сонымен қатар балалар мектеп маңындағы жолға шығып, алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті. Іс-шара соңында оқушылар көлік жүргізушілеріне жол қауіпсіздігі ережелері жазылған арнайы брошюралар таратып, жолда мұқият болуға шақырды.Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы Сламбеков А.А, жол полициясының инспекторлары – полиция капитаны Есболат Д. мен полиция лейтенанты Қайратбеков Д.-ға шынайы алғысымызды білдіреміз! Сіздердің еңбектеріңіз бен кәсіби қолдауларыңыз балалардың жол қозғалысы ережелерін терең меңгеруіне және қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруына үлкен үлес қосады.Ұйымдастырған: 1 сынып жетекшілеріБалалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет! ❯

Мектеп жұмысы

  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар
  • Мектептің өзін- өзі бағалауы
  • Аға тәлімгер
  • Салауатты өмір салты
  • «Асыл әжелер» клубы
  • Мектепалды даярлық
  • МЕКТЕП ТАРИХЫ
  • МЕКТЕП ПАСПОРТЫ
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ
  • Қорытынды аттестаттау
  • Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі
  • Әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық сосын осы рубрика
  • ҰБТ

Оқыту жұмысы

Кітапхана

Тәрбие беру жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Қамқоршылық кеңес

Асхана

Copyright © 2026 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп.

Theme: Oceanly by ScriptsTown