Биология пәні бойынша 11-сынып оқушыларымен «Әртүрлі өсімдіктердегі фотосинтездеуші пигменттердің мөлшерін зерттеу» тақырыбында зертханалық жұмыс өткізілді. Зертханалық жұмыстың мақсаты – әртүрлі өсімдік жапырақтарындағы фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу, хлорофилл және каротиноидтардың ерекшеліктерін анықтау, өсімдік түріне байланысты пигменттердің мөлшеріндегі айырмашылықтарды салыстыру.Сабақ барысында оқушылар зертханалық жұмыс ережелерімен және қауіпсіздік талаптарымен танысты. Оқушылар әртүрлі өсімдіктердің жапырақ үлгілерін пайдаланып, пигменттерді бөліп алу және олардың ерекшеліктерін бақылау жұмыстарын жүргізді. Алынған нәтижелерді салыстырып, бақылау нәтижелерін кестеге түсірді және қорытынды жасады. Пән мұғалімі: Карипбаева Ш.Т