18 қыркүйек 2026 жылы Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде Тілдер апталығы жоспары негізінде мұғалімдер мен оқушыларға арналған интерактивті таңғы шара — «Лингвистический эспрессо» өтті. ☕️📚
Шараны орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Толеутай З.Е. 11 «А» сынып оқушылары мен Мектеп парламенті бірлесе ұйымдастырды.
Таңғы кофенің жылуы мен тіл білімінің қызықты әлемі тоғысқан шара барысында қатысушылар өз білімдерін сынап, шапшаңдықтарын, тапқырлықтарын және шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Әр тапсырма — жаңа білімге, жаңа ойға және жақсы көңіл күйге бастайтын ерекше мүмкіндік болды. ✨
☕️ Интерактивті турлар:
1️⃣ «Фразеологический коктейль»
Тұрақты тіркестер әлеміне саяхат жасап, тіл байлығын қаншалықты меңгергендерін көрсетті.
2️⃣ «Ассоциация за 5 секунд»
Бар болғаны 5 секунд ішінде ойға келген ассоциацияны айтып, жылдам ойлау мен сөздік қорларын байқатты.
3️⃣ «Лингвистический баттл»
Тілдік білім мен логиканы ұштастыра отырып, қатысушылар өзара білім додасына түсті.
4️⃣ «Билет на лингвистический экспрессо»
Тіл әлемінің қызықты бекеттерінен өтіп, білімді бекітіп, көтеріңкі көңіл к
