Skip to content
Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Мектеп туралы
    • Мектеп құрылымы
  • Байланыс
  • Русский

🏐 Күзгі демалыс — спортпен бірге!

Posted on 29.10.202629.10.2026 By admin
Спорттық іс-шаралар

Күзгі каникул жоспарына сәйкес 6-сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты — оқушылардың демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық бірлікті нығайту.🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:🥇 І орынды — 6 «Г» сыныбы;🥈 ІІ орынды — 6 «В» сыныбы;🥉 ІІІ орынды — 6 «Ғ» сыныбы иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жарысқа қатысқан … Read More «🏐 Күзгі демалыс — спортпен бірге!» »

«ӘЖЕ МЕН НЕМЕРЕ» – ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ 🌸💐 Бүгін Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде 1-сынып оқушылары мен аяулы әжелерінің қатысуымен «Әже мен немере» атты тәрбиелік мәні зор сайыс өтті.✨ Сайыстың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, әже мен немере арасындағы рухани байланысты нығайту, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.🌷 Сайыс барысында әжелеріміз бен немерелері «Әжемнің ертегісі», «Өнерлі әже, өнерлі немере» кезеңдерінде өздерінің өнерлерін, тапқырлықтары мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.❤️ Әжелеріміздің ақыл-парасаты мен немерелерінің балалық шаттығы үйлесім тапқан бұл шара барша қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.💐 Сайысқа белсене қатысып, өнегелі тәрбие мен ұлттық дәстүріміздің жарқын үлгісін көрсеткен ардақты әжелерімізге шын жүректен алғыс білдіреміз!Әже – отбасының берекесі, ұрпақтың өнегесі, немеренің асыл қазынасы! ❤️

Posted on 29.10.202629.10.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

«Тәуелсіздік ұланы» сыйақысы

Posted on 29.10.202629.10.2026 By admin
Жаңалықтар

🎉 Мектебіміздің мақтанышы, 11-сынып оқушысы Сарсенбай Нұрсәт «Тәуелсіздік ұланы» сыйақысының иегері атанды!🌟 Нұрсәт — облыстық және республикалық деңгейдегі сайыстардың жүлдегері, мектебіміздің абыройын асқақтатып, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп жүрген дарынды әрі талапты оқушы.🏆 Оның білімге деген құштарлығы, табандылығы мен үздіксіз ізденісі — үлкен жетістіктердің жарқын үлгісі. Нұрсәттің әрбір жеңісі — мектебіміз үшін зор мақтаныш!💐 Жетістігің құтты … Read More ««Тәуелсіздік ұланы» сыйақысы» »

2026 жылдың 21-23 қазан аралығында Атырау қаласында республикалық Махамбет оқулары өтті. Осы конкурсқа қатысқан мектебіміздің 11-сынып оқушысы Сарсенбай Нұрсәт жүлделі 3-орынды иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кожанова Н.А. Жүлдегер оқушымыз бен жетекшімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Posted on 27.10.202627.10.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

📚✨ КҮЗГІ ДЕМАЛЫС – ҰБТ-ҒА ТИІМДІ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ!🏫 Мектепішілік жұмыс жоспарына сәйкес 2026–2027 оқу жылының күзгі демалыс кезеңінде 11-сынып оқушыларына арналған Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық жұмыстары бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.📅 Өткізілу мерзімі: 27–29 қазан 2026 жыл.🎯 Негізгі мақсат – оқушылардың білім сапасын арттыру, пәндер бойынша білім олқылықтарын толықтыру, функционалдық сауаттылығын дамыту және ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетуге бағытталған жүйелі дайындықты қамтамасыз ету.📖 Дайындық сабақтары оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы және бейіндік пәндер бойынша ұйымдастырылады.💡 Сабақ барысында тест тапсырмалары талданып, күрделі сұрақтарды шешу жолдары түсіндіріліп, оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді.🌟 Жүйелі дайындық – жоғары нәтижеге бастар жол!

Posted on 27.10.202627.10.2026 By admin
Жаңалықтар, ҰБТ

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

📚✨ ББЖМ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМЫ!🏫 Мектепішілік жұмыс жоспарына сәйкес күзгі демалыс кезеңінде 9-сынып оқушыларына арналған ББЖМ-ға (білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг) дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда.🎯 Негізгі мақсат – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, біліміндегі олқылықтарды толықтыру, оқу жетістіктерін арттыру және ББЖМ тапсырмаларын орындау дағдыларын жетілдіру.📖 Дайындық барысында оқушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтарын дамытуға бағытталған тапсырмалар орындалып, тест сұрақтары талданады.💡 Сонымен қатар оқушыларға күрделі тапсырмаларды шешу жолдары түсіндіріліп, білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.🌟 Жүйелі дайындық – жоғары нәтижеге бастар жол!

Posted on 27.10.202627.10.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

📚 ЛИЦЕЙ СЫНЫПТАРЫНДА ӘКІМШІЛІК БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ📌 2026 жылғы 22 қазанда мектебіміздің 6 «Г» және 8 «Б» лицей сыныптарында оқушылардың білім деңгейін анықтау және оқу жетістіктерінің объективті бағалануын зерделеу мақсатында әкімшілік бақылау жұмыстары өткізілді.📝 Бақылау жұмыстары 6 «Г» сыныбында математика және қазақ тілі, 8 «Б» сыныбында алгебра және физика пәндері бойынша ұйымдастырылды.🎯 Негізгі мақсат – оқушылардың пәндік білім сапасын бағалау, оқу материалдарын меңгеру деңгейін анықтау және білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жетілдіру.📊 Бақылау нәтижелері негізінде оқушылардың білім жетістіктеріне талдау жүргізіліп, алдағы жұмыс бағыттары айқындалады.✨ Сапалы білім – жарқын болашақ кепілі

Posted on 27.10.202627.10.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

2026 жылғы 15 қазанда мектебіміздің ұстазы Карипбаева Шынар Тасболатовна НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Пәндік диалог: тәжірибе алмасу және даму» атты республикалық практикалық семинарға қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында ұстаз өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісіп, тиімді оқыту әдістері мен инновациялық тәсілдерді ұсынды. Бұл – кәсіби шеберлікті шыңдауға, үздік тәжірибені таратуға және педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін маңызды алаң. Алдағы уақытта да шығармашылық табысқа жетіп, жаңа бастамаларыңыз сәтті жүзеге асып, кәсіби жетістіктеріңіз тола берсін!

Posted on 27.10.202627.10.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

2026 жылғы 27–30 қазан аралығында мұғалімдермен ұйымдастырылатын мектепішілік іс-шаралардың инновациялық даму кабинетінің жоспары

Posted on 27.10.202627.10.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

2026 жылғы 15 қазанда мектебіміздің педагогі Ирманова Аида Адаевна НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Пәндік диалог: тәжірибе алмасу және даму» атты республикалық практикалық семинарға қатысып, өз кәсіби тәжірибесімен бөлісті.Семинар барысында Ирманова Аида Адаевна заманауи білім беру тәжірибелерімен танысып, тиімді оқыту әдістері бойынша кәсіби білімін толықтырды. Іс-шара педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына, жаңа идеяларды талқылауына және кәсіби құзыреттілігін дамытуына мүмкіндік берді. Осындай республикалық деңгейдегі кездесулер мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін арттырып, озық педагогикалық тәжірибені білім беру үдерісіне енгізуге ықпал етеді.

Posted on 27.10.202627.10.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Posts pagination

Назад 1 … 3 4 5 … 58 Далее

Мектеп жұмысы

  • 2026-2027 оқу жылын ұйымдастыру
  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар
    • Салауатты өмір салты
    • Спорттық іс-шаралар
  • Мектептің өзін- өзі бағалауы
  • Аға тәлімгер
  • «Асыл әжелер» клубы
  • Мектепалды даярлық
  • МЕКТЕП ТАРИХЫ
  • МЕКТЕП ПАСПОРТЫ
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ
  • Қорытынды аттестаттау
  • Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі
  • Әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық сосын осы рубрика
  • ҰБТ

Оқыту жұмысы

Кітапхана

Тәрбие беру жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Қамқоршылық кеңес

Асхана

Copyright © 2026 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп.

Theme: Oceanly by ScriptsTown