2026 жылғы 15 қазанда мектебіміздің ұстазы Карипбаева Шынар Тасболатовна НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Пәндік диалог: тәжірибе алмасу және даму» атты республикалық практикалық семинарға қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында ұстаз өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісіп, тиімді оқыту әдістері мен инновациялық тәсілдерді ұсынды. Бұл – кәсіби шеберлікті шыңдауға, үздік тәжірибені таратуға және педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін маңызды алаң. Алдағы уақытта да шығармашылық табысқа жетіп, жаңа бастамаларыңыз сәтті жүзеге асып, кәсіби жетістіктеріңіз тола берсін!