🎉 Мектебіміздің мақтанышы, 11-сынып оқушысы Сарсенбай Нұрсәт «Тәуелсіздік ұланы» сыйақысының иегері атанды!
🌟 Нұрсәт — облыстық және республикалық деңгейдегі сайыстардың жүлдегері, мектебіміздің абыройын асқақтатып, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп жүрген дарынды әрі талапты оқушы.
🏆 Оның білімге деген құштарлығы, табандылығы мен үздіксіз ізденісі — үлкен жетістіктердің жарқын үлгісі. Нұрсәттің әрбір жеңісі — мектебіміз үшін зор мақтаныш!
💐 Жетістігің құтты болсын, Нұрсәт! Еліміздің мақтанышына айналып, жарқын болашағыңмен талай белесті бағындыра бер!
