Күзгі каникул жоспарына сәйкес 6-сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.
Жарыстың мақсаты — оқушылардың демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық бірлікті нығайту.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орынды — 6 «Г» сыныбы;
🥈 ІІ орынды — 6 «В» сыныбы;
🥉 ІІІ орынды — 6 «Ғ» сыныбы иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жарысқа қатысқан барлық оқушыларға белсенділігі мен жеңіске деген жігері үшін алғыс білдіреміз!
