📚✨ ББЖМ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМЫ!🏫 Мектепішілік жұмыс жоспарына сәйкес күзгі демалыс кезеңінде 9-сынып оқушыларына арналған ББЖМ-ға (білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг) дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда.🎯 Негізгі мақсат – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, біліміндегі олқылықтарды толықтыру, оқу жетістіктерін арттыру және ББЖМ тапсырмаларын орындау дағдыларын жетілдіру.📖 Дайындық барысында оқушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтарын дамытуға бағытталған тапсырмалар орындалып, тест сұрақтары талданады.💡 Сонымен қатар оқушыларға күрделі тапсырмаларды шешу жолдары түсіндіріліп, білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.🌟 Жүйелі дайындық – жоғары нәтижеге бастар жол!