📚✨ КҮЗГІ ДЕМАЛЫС – ҰБТ-ҒА ТИІМДІ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ!🏫 Мектепішілік жұмыс жоспарына сәйкес 2026–2027 оқу жылының күзгі демалыс кезеңінде 11-сынып оқушыларына арналған Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық жұмыстары бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.📅 Өткізілу мерзімі: 27–29 қазан 2026 жыл.🎯 Негізгі мақсат – оқушылардың білім сапасын арттыру, пәндер бойынша білім олқылықтарын толықтыру, функционалдық сауаттылығын дамыту және ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетуге бағытталған жүйелі дайындықты қамтамасыз ету.📖 Дайындық сабақтары оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы және бейіндік пәндер бойынша ұйымдастырылады.💡 Сабақ барысында тест тапсырмалары талданып, күрделі сұрақтарды шешу жолдары түсіндіріліп, оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді.🌟 Жүйелі дайындық – жоғары нәтижеге бастар жол!