Skip to content
Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Мектеп туралы
    • Мектеп құрылымы
  • Байланыс
  • Русский

Жаңалықтар

🍂 AUTUMN TREND: OFFLINE — КҮЗГІ КӨҢІЛ КҮЙ, ЖАРҚЫН СӘТТЕР! 🧡

Posted on 27.10.202627.10.2026 By admin
Жаңалықтар

21 қазан күні мектебімізде 8–11-сынып оқушылары арасында «AUTUMN TREND: OFFLINE» атты күзгі байқау жоғары көңіл күйде өтті! ✨ 🍁 Байқау барысында қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, өнерлерін, тапқырлықтары мен ерекше стильдерін көрсетті.🔥 Іс-шара бағдарламасында:👫 «Біздің жұп – біздің тренд» — ерекше таныстыру;🎲 «Күтпеген челлендж» — қызықты тапсырмалар мен тапқырлық;🎤 «Autumn Trend: Talent Show» — өнер мен … Read More «🍂 AUTUMN TREND: OFFLINE — КҮЗГІ КӨҢІЛ КҮЙ, ЖАРҚЫН СӘТТЕР! 🧡» »

Мектеп директоры И.Е. Егистің азаматтарды жеке қабылдауы өтті.

Posted on 27.10.202627.10.2026 By admin
Жаңалықтар

Кездесу барысында ата-аналар өздерін алаңдатқан мәселелерін ортаға салып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Әрбір өтінішке мұқият назар аударылып, көтерілген сұрақтарға нақты әрі жан-жақты жауаптар берілді. Жеке қабылдау — мектеп әкімшілігі мен ата-аналар арасында ашық диалог орнатуға, өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды тиімді шешуге мүмкіндік беретін маңызды алаң. Мектеп пен ата-ана арасындағы тұрақты байланыс пен өзара … Read More «Мектеп директоры И.Е. Егистің азаматтарды жеке қабылдауы өтті.» »

2026 жылғы 22 қазанда Ақсу қаласының Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде 9–11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «І тоқсан қорытындысы: жетістік, талдау, ынтымақтастық» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.Іс-шара барысында І тоқсанның оқу үлгерімі, білім сапасы, сабаққа қатысуы мен оқушылардың жетістіктері талданды. Сонымен қатар, қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындық, кәсіби бағдар беру мәселелері қарастырылды. Ата-аналарға балалардың оқуына қолдау көрсету бойынша ұсыныстар беріліп, өзекті сұрақтар талқыланды.Кездесу мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың білім сапасы мен оқу жетістіктерін арттырудағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын көрсетті.«Мектеп пен ата-ана бірлігі – жарқын болашақ кепілі!»

Posted on 27.10.202627.10.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

3 “Ә” сыныбында Ата-аналар жиналысы өтті.«Бала жетістігі — ортақ жауапкершілік» ата-аналар жиналысының күн тәртібі1. «Баламның бір жетістігі» — жылы шеңбер.Әр ата-ана баласының І тоқсандағы бір жетістігін немесе бойындағы жақсы өзгерісті бөліседі.Оқу үлгерімі, сабаққа қатысу, сыныптың қоғамдық өмірі мен жетістіктерін таныстыру.2. «Бағадан да маңыздысы…» — ашық пікір алмасу.Баланың оқуға қызығушылығы, көңіл күйі, достарымен қарым-қатынасы және ата-ананың қолдауы туралы талқыланды.3. «Қауіпсіз демалыс — ортақ міндет»Күзгі демалыстағы қауіпсіздік пен бос уақытты тиімді өткізу бойынша отбасылық ережелер ұсынылды.Әр түрлі сұрақтарда талқыланып, бір шешімге келдік.Сынып жетекші: Абдрахманова Гульназия Сарсембаевна

Posted on 27.10.202627.10.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Мектепішілік жоспарға сәйкес тарих, құқық негіздері, география пәндерінің айлығын өткізу барысында 2026 жылғы 21 қазан күні 11”а” сыныбында тарих пәнінен Алиаскарова Анара Толеутаевна, «HIST-QUIZ: Тарихтың құпия коды » атты күрделі интеллектуалды ойынын өткізді. Іс-шараның мақсаты: Қазақстан тарихының құпия кодын бұзып, ҰБТ дерекқорын жаңарту!. Мұғалім ЖИ көмегімен әзірленген көрнекі материалдар мен танымдық тапсырмалар білім алушылардың тарихи құпияларын түсінуіне, тарихи ақпаратты талдауына және оқушылардың белсенді қатысуына ықпал етті. Сонымен қатар цифрлық ресурстарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, олардың сыни ойлау және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Іс-шара барысында оқушылар 5 деңгейлі (раундты) сынақтардаң өтіп ,өздерің құпия миссиядағы тарихи агенттер ретінде сезінді.

Posted on 27.10.202627.10.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ! 🇰🇿 Мектеп кітапханасында «Менің Отаным — Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Республика күні – еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің бастауы, ұлттық рухымызды асқақтататын ұлық мереке!1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл тарихи оқиға Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына жол ашқан маңызды қадам болды.Республика күні – туған жерге деген сүйіспеншілікті, елге деген құрметті, бірлік пен ынтымақты дәріптейтін ерекше күн. Бұл мереке әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш сезімін ұялатып, болашаққа деген сенімін нығайтады.Отанымыз – Қазақстанымыз гүлденіп, көк туымыз әрдайым биікте желбіресін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!🇰🇿 Республика күні құтты болсын!

Posted on 27.10.202627.10.2026 By admin
Жаңалықтар, Кітапхана

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @y.altynsarin.mek_kitapkhanasy

Республика күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебіміздің оқушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады.

Posted on 27.10.202627.10.2026 By admin
Жаңалықтар

Мемлекеттік Гимнді бірге орындау оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, елге деген мақтаныш сезімін нығайтты. Іс-шара жас ұрпақты мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ел бірлігі мен тәуелсіздігін қадірлеуге тәрбиелеуге бағытталды. Еліміздің еңсесі биік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Күзгі демалыс қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп директоры И. Е. Егис пен учаскелік полиция қызметкері Д. Кабдулов түсіндірме жұмысын жүргізді.

Posted on 27.10.202627.10.2026 By admin
Жаңалықтар

Кездесу барысында оқушыларға демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, жолда жүру талаптарын орындау, қоғамдық орындарда тәртіпті болу және құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болу, интернетті қауіпсіз пайдалану және бос уақытты тиімді ұйымдастыру мәселелеріне назар аударылды. Оқушыларға өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қауіпті жағдайлардан аулақ болу керектігі ескертілді. Қауіпсіздік … Read More «Күзгі демалыс қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп директоры И. Е. Егис пен учаскелік полиция қызметкері Д. Кабдулов түсіндірме жұмысын жүргізді.» »

 «ЖАС ҰЛАН» және «ЖАС ҚЫРАН» қатарына қабылдау рәсімі өтті! ✨🇰🇿

Posted on 27.10.202627.10.2026 By admin
Аға тәлімгердің жұмысы, Жаңалықтар

Мектебімізде өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, елін құрметтеуге, жауапкершілікке және адалдыққа тәрбиелеу мақсатында «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. 🌟 Салтанатты шара барысында барлығы 38 оқушы ұйым қатарына қабылданды. Оның ішінде: 20 оқушы — «Жас Ұлан» қатарына; 18 оқушы — «Жас Қыран» қатарына қабылданды. … Read More » «ЖАС ҰЛАН» және «ЖАС ҚЫРАН» қатарына қабылдау рәсімі өтті! ✨🇰🇿» »

«AUTUMN BALL – 2026» — КҮЗГІ БАЛ! ✨🍁Бүгін мектебімізде 7-сынып оқушылары арасында «AUTUMN BALL – 2026» күзгі балы жоғары көңіл күймен, ерекше сән-салтанатпен өтті! 💛🍂🌟 Күздің алтын бояуына бөленген мерекеде қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, өнерлерін, тапқырлықтары мен креативтіліктерін ортаға салды.🔥 Сайыс барысында оқушылар:💃 «Жұптық таныстыру» — ерекше әрі креативті сахналық көріністерін ұсынды;🎤 «Ең өнерлі жұп» — өнерлерімен көрермендерді тәнті етті;👗 «Fashion model» — сәнді киім үлгілерін көрсетті;🍎 «Күз сыйы» — жеміс-жидектерден жасалған ерекше туындыларын таныстырды;🧠 «Күзгі сұрақтар» — білімдері мен тапқырлықтарын сынады.🍁 Әр жұп өздерінің талантымен, ұйымшылдығымен және ерекше идеяларымен көзге түсіп, мерекеге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Күзгі бал оқушылардың өнерін шыңдап, достық қарым-қатынастарын нығайтқан жарқын шараға айналды! 🧡👏 Белсенділік танытып, бар өнерлерін ортаға салған барлық қатысушыларға, оқушыларды қолдап, дайындаған сынып жетекшілеріне алғыс білдіреміз!💫 Күздің сұлулығы — табиғатта, ал мерекенің шырайы — сіздердің өнерлеріңізде!

Posted on 27.10.202627.10.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Posts pagination

Назад 1 … 3 4 5 … 33 Далее

Мектеп жұмысы

  • 2026-2027 оқу жылын ұйымдастыру
  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар
    • Салауатты өмір салты
    • Спорттық іс-шаралар
  • Мектептің өзін- өзі бағалауы
  • Аға тәлімгер
  • «Асыл әжелер» клубы
  • Мектепалды даярлық
  • МЕКТЕП ТАРИХЫ
  • МЕКТЕП ПАСПОРТЫ
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ
  • Қорытынды аттестаттау
  • Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі
  • Әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық сосын осы рубрика
  • ҰБТ

Оқыту жұмысы

Кітапхана

Тәрбие беру жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Қамқоршылық кеңес

Асхана

Copyright © 2026 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп.

Theme: Oceanly by ScriptsTown