Кездесу барысында оқушыларға демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, жолда жүру талаптарын орындау, қоғамдық орындарда тәртіпті болу және құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болу, интернетті қауіпсіз пайдалану және бос уақытты тиімді ұйымдастыру мәселелеріне назар аударылды.
Оқушыларға өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қауіпті жағдайлардан аулақ болу керектігі ескертілді.
Қауіпсіздік ережелерін сақтап, күзгі демалысты пайдалы әрі көңілді өткізейік!
