Мектебімізде өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, елін құрметтеуге, жауапкершілікке және адалдыққа тәрбиелеу мақсатында «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті.
🌟 Салтанатты шара барысында барлығы 38 оқушы ұйым қатарына қабылданды. Оның ішінде: 20 оқушы — «Жас Ұлан» қатарына; 18 оқушы — «Жас Қыран» қатарына қабылданды.
🇰🇿 Рәсімнің маңызды сәттерінің бірі — ант қабылдау болды. 5 «Г» сынып оқушысы Сержанова Айару ант қабылдау рәсімін жүргізді. Оқушылар Отанға адал қызмет етуге, білімді, тәртіпті, жауапты азамат болуға және елінің жарқын болашағы үшін еңбек етуге салтанатты түрде ант берді.
🎖️ Оқушыларға қатарға қабылданғанын растайтын сертификаттарды мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары К.К. Жапарова және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А. Сарсенбаева табыстады.
💙 «Жас Қыран» мен «Жас Ұлан» қатарына қабылдану — әр оқушы үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Бұл — Отанды сүюге, ел дәстүрін құрметтеуге, білімге ұмтылуға және қоғамға пайдалы азамат болуға бастайтын маңызды қадам.
