2026 жылғы 22 қазанда Ақсу қаласының Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде 9–11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «І тоқсан қорытындысы: жетістік, талдау, ынтымақтастық» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.Іс-шара барысында І тоқсанның оқу үлгерімі, білім сапасы, сабаққа қатысуы мен оқушылардың жетістіктері талданды. Сонымен қатар, қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындық, кәсіби бағдар беру мәселелері қарастырылды. Ата-аналарға балалардың оқуына қолдау көрсету бойынша ұсыныстар беріліп, өзекті сұрақтар талқыланды.Кездесу мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың білім сапасы мен оқу жетістіктерін арттырудағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын көрсетті.«Мектеп пен ата-ана бірлігі – жарқын болашақ кепілі!»