25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ! 🇰🇿 Мектеп кітапханасында «Менің Отаным — Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Республика күні – еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің бастауы, ұлттық рухымызды асқақтататын ұлық мереке!1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл тарихи оқиға Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына жол ашқан маңызды қадам болды.Республика күні – туған жерге деген сүйіспеншілікті, елге деген құрметті, бірлік пен ынтымақты дәріптейтін ерекше күн. Бұл мереке әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш сезімін ұялатып, болашаққа деген сенімін нығайтады.Отанымыз – Қазақстанымыз гүлденіп, көк туымыз әрдайым биікте желбіресін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!🇰🇿 Республика күні құтты болсын!