«AUTUMN BALL – 2026» — КҮЗГІ БАЛ! ✨🍁Бүгін мектебімізде 7-сынып оқушылары арасында «AUTUMN BALL – 2026» күзгі балы жоғары көңіл күймен, ерекше сән-салтанатпен өтті! 💛🍂🌟 Күздің алтын бояуына бөленген мерекеде қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, өнерлерін, тапқырлықтары мен креативтіліктерін ортаға салды.🔥 Сайыс барысында оқушылар:💃 «Жұптық таныстыру» — ерекше әрі креативті сахналық көріністерін ұсынды;🎤 «Ең өнерлі жұп» — өнерлерімен көрермендерді тәнті етті;👗 «Fashion model» — сәнді киім үлгілерін көрсетті;🍎 «Күз сыйы» — жеміс-жидектерден жасалған ерекше туындыларын таныстырды;🧠 «Күзгі сұрақтар» — білімдері мен тапқырлықтарын сынады.🍁 Әр жұп өздерінің талантымен, ұйымшылдығымен және ерекше идеяларымен көзге түсіп, мерекеге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Күзгі бал оқушылардың өнерін шыңдап, достық қарым-қатынастарын нығайтқан жарқын шараға айналды! 🧡👏 Белсенділік танытып, бар өнерлерін ортаға салған барлық қатысушыларға, оқушыларды қолдап, дайындаған сынып жетекшілеріне алғыс білдіреміз!💫 Күздің сұлулығы — табиғатта, ал мерекенің шырайы — сіздердің өнерлеріңізде!