Мектепішілік жоспарға сәйкес тарих, құқық негіздері, география пәндерінің айлығын өткізу барысында 2026 жылғы 21 қазан күні 11”а” сыныбында тарих пәнінен Алиаскарова Анара Толеутаевна, «HIST-QUIZ: Тарихтың құпия коды » атты күрделі интеллектуалды ойынын өткізді. Іс-шараның мақсаты: Қазақстан тарихының құпия кодын бұзып, ҰБТ дерекқорын жаңарту!. Мұғалім ЖИ көмегімен әзірленген көрнекі материалдар мен танымдық тапсырмалар білім алушылардың тарихи құпияларын түсінуіне, тарихи ақпаратты талдауына және оқушылардың белсенді қатысуына ықпал етті. Сонымен қатар цифрлық ресурстарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, олардың сыни ойлау және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Іс-шара барысында оқушылар 5 деңгейлі (раундты) сынақтардаң өтіп ,өздерің құпия миссиядағы тарихи агенттер ретінде сезінді.