Жиналыс барысында мектептің І тоқсандағы оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижелері сараланып, білім сапасын арттыру, оқушылардың оқу үлгерімі және алдағы міндеттер талқыланды.
🎤Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша:
🔹 Мектеп директоры И.Е. Егис: І тоқсанның қорытындысы бойынша сөз сөйлеп, мектеп жұмысының негізгі нәтижелеріне тоқталды. Алдағы кезеңге қойылатын міндеттер мен білім беру үдерісін жетілдіру бағыттарын атап өтті.
🔹 Оқу ісінің меңгерушісі Р.Н. Ташмагамбетова: І тоқсандағы оқу үлгерімі мен білім сапасының көрсеткіштеріне тоқталып, оқу үдерісінің нәтижелері мен өзекті мәселелерді талқылады. Педагогтердің сабақтарына қатысу, 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін бақылау және сабақ сапасын арттыру мақсатында жүргізілген жұмыстарына тоқталды. І тоқсанның қатысқан сабақтарына SWOD талдауы жасап, ұсыныстар айтты.
🔹 Оқу ісінің меңгерушісі Р. Худас: Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық барысы туралы баяндап, бітіруші сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстар мен дайындықты жүйелі ұйымдастыру мәселелерін қарастырды.
🤝 Жиналыс қорытындысында білім сапасын арттыру, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру және алға қойылған міндеттерді бірлесе жүзеге асыру бойынша нақты бағыттар айқындалды.
“Бір мақсат, бірлесе жұмыс, сапалы білім!”
