Мектебімізде 9–10-сынып оқушыларына діни экстремизмнің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кездесуге Павлодар облысының теолог маманы Асылхан Батырханов қатысты.Кездесу барысында маман діни экстремизмнің мәні мен оның адамға және қоғамға тигізетін зияны туралы түсіндірді. Оқушыларға әлеуметтік желілер мен интернеттегі діни мазмұндағы ақпаратқа сақтықпен қарау, оның дереккөзін тексеру және күмәнді мәліметтерді таратпау қажеттігін айтты. Әсіресе тыйым салынған ұйымдардың сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларына жазылмау, олардың жарияланымдарын бөліспеу және күмәнді сілтемелерге өтпеу керектігіне назар аударды.Сондай-ақ маман интернет арқылы бейтаныс адамдардың діни тақырыпта әңгімеге тартуы немесе түрлі топтарға шақыруы сақтықты қажет ететінін атап өтті. Осындай жағдайға тап болған оқушыларға әңгімені жалғастырмай, бұл туралы ата-анасына, сынып жетекшісіне немесе мектеп психологіне айтуға кеңес берді.Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан жауап алды. Түсіндіру жұмысы оқушылардың діни сауаттылығын арттыруға және интернеттегі ақпаратты саналы түрде бағалауына бағытталды.