Ұстаздар күніне орай мектебімізде ұстаз еңбегін ұлықтаған «Ұстаз – мектептің жүрегі» атты мерекелік концерт өтті. 💐
Мерекелік шара хор әнімен басталып, ұстаздарға арналған жылы лебіздер мен жүрекжарды тілектерге ұласты. ❤️
Концерт барысында жас ұстаздарымыз, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары – «Сарын» және «Дарын» ұлттық-аспаптық ансамбльдері, мектеп түлектерінің бейнеқұттықтаулары, мектеп парламентінің сахналық көрінісі, өзін-өзі басқару ұйымының биі және ұстаздарға арналған ерекше тосынсыйлар көрермен көңілінен шықты. ✨
Шара барысында мектеп басшысы И.Е.Егис мектебіміздің ардагер ұстаздарына ерекше құрмет көрсетіп, мұғалімдердің еңбегі мен өнегесіне алғыс білдіріп марапаттады. 🌹
Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның болашағына жол көрсететін, жүрегіне ізгілік пен сенім ұялататын тұлға.
💐Құрметті ұстаздар! Еңбектеріңіз еленіп, шәкірттеріңіздің жетістігі әрдайым қуаныш сыйласын! Ұстаздар күні құтты болсын!
