🏆 Марапаттарыңыз құтты болсын!Ұстаздар күніне орай білім саласына қосқан елеулі үлесі мен қажырлы еңбегі үшін Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған Шокашева Ш. А.-ны, сондай-ақ Алғыс хатпен марапатталған Курбонов Н. А.-ны шын жүректен құттықтаймыз!Бұл марапаттар – ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігіне, жауапкершілігіне және шәкірт тәрбиесіне арнаған адал еңбегіне берілген лайықты баға.Құрметті әріптестер, еңбектеріңіз әрдайым еленіп, мәртебелеріңіз биіктей берсін! Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық табыс және білімді де дарынды шәкірттер тілейміз!Жетістіктеріңіз ұжымымызға қуаныш сыйлап, кейінгі әріптестерге үлгі бола берсін!