📚 ОҚУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру және мектептегі тәртіпті нығайту мақсатында 5-7 сынып оқушыларымен профилактикалық түсіндіру кездесуі өткізілді.Кездесуге мектеп инспекторы Назгуль Бауржановна және әлеуметтік педагог Болпах Нурбахыт қатысты.