үгін, 23.09 күні мектебімізде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы әскери-патриоттық бағыттағы «Біртұтас ел – Біртұтас тәрбие» акциясын өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің аға офицері, полковник Дәулет Нариманұлы Бейсеков, Павлодар облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері және әскери-патриоттық ұйымдардың мүшелері қатысты. Қонақтарға мектебімізде алғашқы әскери дайындық, робототехника және басқа да бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Кездесуге мектебіміздің 9–11-сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында әскери қызметтің маңызы, Отанды қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екендігі айтылды. Оқушыларға әскери мамандық, тәртіп пен жауапкершілік, елге адал қызмет ету жөнінде құнды ақпарат берілді. Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Тағылымы мол іс-шара жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, әскери қызметке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.