Мектепішілік жоспарға сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің айлығы аясында 2026 жылғы 23 қыркүйек күні 7 «Г» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен педагог-зерттеуші Кожанова Нұргүл Асылбекқызы ашық сабақ өткізді.
📖 Сабақтың тақырыбы:
«Орхон ескерткіштері. Күлтегін жыры»
Сабақ барысында оқушылар көне түркі жазба ескерткіштерінің тарихи-әдеби маңызын танып, Күлтегін жырының мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін талдады. Оқушылардың әдеби шығарманы түсіну, талдау, өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды.
