Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен ҰБТ пәндері бойынша сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында 10–11-сынып оқушыларының байқау сынақтарының нәтижелері талданып, пәндер бойынша білім сапасы мен кездесетін қиындықтар қарастырылды. Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау, оларды жоюға арналған жеке және топтық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Пән мұғалімдеріне:
✅ сынама тест нәтижелеріне жүйелі талдау жүргізу;
✅ төмен нәтиже көрсеткен тақырыптар бойынша түзету жұмыстарын ұйымдастыру;
✅ оқушыларға сараланған тапсырмалар беру;
✅ қосымша сабақтарға қатысуды бақылау;
✅ әр оқушының нәтижелік динамикасын қадағалау бойынша ұсыныстар берілді.
Кездесу қорытындысында ҰБТ нәтижелерін арттыруға бағытталған нақты міндеттер белгіленіп, алдағы жұмыстар жоспарланды.
