Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен лицей және гимназия сыныптарында сабақ беретін пән мұғалімдерімен жұмыс кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында тереңдетілген пәндерді оқыту сапасы, оқу бағдарламаларының орындалуы, білім алушылардың оқу жетістіктері және білім сапасын арттыру жолдары талқыланды. Сонымен қатар факультативтік және элективтік курстардың жүргізілуі, дарынды оқушылармен жеке жұмыс, пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындық мәселелері қарастырылды.
