Мектеп кітапханасында Алаш қозғалысының жетекшісі, көрнекті қоғам қайраткері Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына орай тақырыптық сөре ұйымдастырылды және көрмеге тарихи шолу жасалды. Көрмеге ұлт көшбасшысының өмірі мен қызметіне арналған кітаптар, тарихи деректер мен құнды материалдар қойылып, оқушыларға кеңінен таныстырылды. Кітапханашы көрме барысында оқушыларға Әлихан Бөкейхановтың ел тәуелсіздігі жолындағы күресі, саяси қызметі және қазақ тарихындағы орны туралы мазмұнды ақпарат берді. Бұл көрме жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, елінің өткені мен тәуелсіздік жолындағы күресін терең түсінуге, отансүйгіштік рухта тәрбиеленуіне зор ықпал етеді.