«БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН, ТІЛІМІЗ БІР ЕЛДЕР»29 сәуір күні мектебімізде 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 8 сынып оқушылары арасында өткен «Бірлігіміз жарасқан, тіліміз бір елдер» атты фестиваль-сайысы өз мәресіне жетті! ✨Оқушылар әлем халықтарының мәдениетін, салт-дәстүрін және өнерін жоғары деңгейде паш етіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сайыс төрт кезеңнен тұрып, қатысушылар өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді. 🤝🌈🏆 Сайыс қорытындысы бойынша:• 🥇 Гран-при — 8 «Б» сыныбы (Ерекше дайындығы мен шеберлігі үшін);• 🥇 1-орын — 8 «Г» сыныбы;• 🥈 2-орын — 8 «В» сыныбы;• 🥉 3-орын — 8 «А» сыныбы.Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық биіктеріңіз аласармасын! 👏🎊Бірлігіміз бекем, тірлігіміз нық болсын 🙏