Мектебімізде «Балалар басылымдары – кітапқа бастайтын жол» тақырыбында интеллектуалды ойыны өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың балаларға арналған газет-журналдарға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және кітап оқуға баулу.Шара барысында оқушылар түрлі балалар басылымдарымен танысып, олардың мазмұны, шығу тарихы және маңызы туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, танымдық журналдар мен қызықты мақалалар оқылып, талқыланды. Оқушылар өздеріне ұнаған басылымдар туралы ой бөлісіп, пікір алмасты.Балалар әңгімеге белсенді қатысып, өздерінің қызығушылықтарымен бөлісіп, жаңа басылымдар туралы білді.Және «Суретті сөзжұмбақ», «Ойлан, тап», «Бұл қай мультфильм?», «Шешуі бұрыс кроссворд», «Карта» сұрақ-жауап ойыны» оқушылар сөзжұмбақтар ойындарын белсенді түрде шешті. Қорытындылай келе, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оларды білім мен рухани құндылықтарға жетелейтін маңызды шара болды.