27 сәуір 2026 жылы мектебімізде «Мәдениет заңнан басталады: заманауи әлемдегі жауапты ата-ана» тақырыбында маңызды форум ұйымдастырылды.👨👩👧👦 Форумға 1–11 сынып оқушыларының ата-аналары, ұстаздар және мектеп әкімшілігі қатысты.Сондай-ақ, Ақсу білім бөлімінен, Ақсу полиция бөлімінен және төтенше жағдайлар бөлімінен келген мамандар қатысып, өзекті тақырыптар бойынша пайдалы ақпараттарымен бөлісті.💬 Кездесу барысында бала тәрбиесі, құқықтық мәдениет, интернет қауіпсіздігі және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселелері талқыланды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.🤝 Осындай кездесулер – бала болашағы үшін ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысының маңызын арттыра түседі.✨ Балаларымыздың болашағы – біздің ортақ жауапкершілігіміз!