Skip to content
Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Мектеп туралы
    • Мектеп құрылымы
  • Байланыс
  • Русский

Жаңалықтар

6 “Ә” сынып оқушылары «Жақсылық жасап жарысайық» акциясына белсенді қатысып, мейірімділік пен жанашырлықтың үлгісін көрсетті. Ата-аналардың қолдауының арқасында осындай қайырымды істер арқылы оқушылар жақсылық жасаудың маңызын түсініп, бір-біріне қамқор болуды үйренеді. Жақсылық жасау – үлкен жүректен басталатынын балалар өз істерімен дәлелдеді.Сынып жетекшісі: Халмен Е.

Posted on 12.03.202612.03.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

05.03.2026ж., күні мектепалды О”Ә” сынып ата- аналар жиналысы өтті. Ата- аналар жиналысының тақырыбы: “Шыншыл болу- абырой”. Ата- аналар жиналысында осы тақырыпқа байланысты баяндама оқылды, жағдаяттық сұрақтарға ата- аналар өз жауаптарын айтып бөлісті. “ Түрлі-түсті көңіл-күй” ойының ойнады. “ Жүректен- жүрекке” атты трениг өткізілді. Қорытындылау бөлімі “ Шыншылдық ағашын” постерға салып, жапырақтар мен жүректерге өз тілектері мен ойларын жазып, ағашқа ілді. Мақсаты: осы жиналыстан алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің жылы тілектерін жазып ілді. Ата- аналар жиналысы керемет көтерінкі көңіл- күйде өтті.Сынып тәрбиешісі: Нуралина Г.Е.

Posted on 12.03.202612.03.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Мектеп оқушылары құтырма ауруы бойынша диктант жазды.Құтырма – өте қауіпті жұқпалы ауру. Бұл ауру көбінесе ит, мысық, түлкі сияқты жануарлар арқылы тарайды. Құтырма вирусы адамға ауру жануар тістеген кезде немесе сілекейі жараға түскенде жұғады.Құтырма ауруының белгілеріне дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бас ауруы және қорқыныш жатады. Ауру асқынса, адамның жүйке жүйесі зақымданады.Егер адамды жануар тістеп алса, дереу жараны сабынды сумен жақсылап жуып, міндетті түрде дәрігерге бару керек. Уақытында егілген вакцина адамды құтырма ауруынан қорғайды.Сондықтан белгісіз жануарларға жақындамау және үй жануарларына уақытында вакцина салдыру өте маңызды.

Posted on 12.03.202612.03.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Жақсылық — кішкентай көмектен, жылы сөзден, қамқорлықтан басталады. 4Г сынып оқушылары ата-аналарының қолдауымен “Жақсылық жасап жарысайық” атты акциясына белсенді қатысты.

Posted on 12.03.202612.03.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Мырзабек Жунусов (@zhunusov_mh)

«Әрбір кішкентай көмек — үлкен үміт. Біздің айналамызда қолдауға зәру жандар аз емес. Бүгін сіз бөліскен жылулық ертең біреудің өмірін өзгертуі мүмкін.Біздің 6 « В» сыныбы — тек сабақта ғана емес, жақсылықта да бірге! Үлкен істер кішкентай қадамдардан басталады.Сынып жетекшісі: Сейсембаева Г.К.

Posted on 12.03.202612.03.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Бүгін мектеп психологы және әлеуметтік педагог 9 “Б” сынып оқушыларына “Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, білім басқармасы” ұсынған «Кітап бетбелгілері емес» атты оқушыларға құқықтық сабақ өткізіп, қысқаметражды фильм көрсетті.Мақсаты: жоғары сынып оқушыларының құқықтық санасын қалыптастыру, алдын — алу.Сабақ барысында төмендегі баптар таныстырылды:1) ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы – 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)мөлшерінде айыппұл. Қайталанған құқықбұзушылық жағдайында – 15 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамақ қолданылуы мүмкін.2) ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу үшін қылмыстық жауаптылықты көздейді. Аталған бапқа есірткі және психотроптық заттарды иемдену, сақтау, тасымалдау мақсатында жасалған әрекеттер жатады.Осы құқық бұзушылық үшін кінәлі тұлға мүлкі тәркіленіп немесе тәркіленбей, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Жаза мөлшері істің нақты мән-жайларына, есірткі заттарының көлеміне, қылмысқа қатысу дәрежесіне және басқа да факторларға байланысты белгіленеді.Сабақты қорытындылай келе оқушылар фильмнің «жақсы» немесе «жаман» кейіпкерлер туралы ғана емес, ең алдымен таңдау жасау, сол таңдаудың салдары және әр әрекеттің ойланып жасалуының маңызды екенін атап өтті. Оқушылар әлеуметтік желіден алған ақпаратты мұқият талдай білу мен жағдайды дұрыс бағалау өмірде саналы әрі жауапты шешім қабылдауға көмектесетін сенімді қорған екенін түсінді.

Posted on 05.03.202605.03.2026 By admin
Әлеуметтік педагог, Жаңалықтар, Мектеп психологы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

*Жақсылық жасап жарысайықшы* атты акциясына 4*Ә* сынып оқушылары кішкентай жүректерімен үлкен іс атқарды- бір отбасына қолдау көрсетіп, жақсылық жасауды өздеріне мақсат етті. Бұл- жай ғана көмек емес, бұл- балалардың жүрегіне мейірімділік, қамқорлық пен жылулықтың дәнін себу. Мейірімді бала- болашақта үлкен жүректі азамат болады. Жақсылық жасау үшін үлкен болу міндет емес. Ең бастысы- жүректің таза болуы. Сынып жетекшісі: Аккожина А. Б.

Posted on 05.03.202605.03.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс” атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды білім беру саласының мамандары мен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген “Үздік дарынды оқушы” атты республикалық байқауында І дәрежелі дипломмен 4Ә сынып оқушысы Иргали Замзагүл және 2Ә сынып оқушысы Марат Айару марапатталды. Сонымен қатар білім, тәрбие берген ұстаздарына, ата -аналарына алғыс білдіріп, үздік дарынды оқушысы куәлігімен және төс белгісімен марапатталды.Сынып жетекшілері: Аккожина Асемгуль Бахытовна, Абдрахманова Гульназия Сәрсенбаевна

Posted on 05.03.202605.03.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Бүгін, 4 наурыз күні 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, зияткерлік ойын кеші өткізілді.Аталған іс-шараны 5-сынып жетекшілері ұйымдастырып, аналарымызға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Құрметті аналар белсенділік танытып, білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.Ойын қорытындысы бойынша қатысқан аналарға диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталды.Кешіміз мейірімге, жылулыққа және көтеріңкі көңіл-күйге толы болды.Барша қатысқан аналарымызға алғыс білдіреміз! 💐Сіздер – отбасының тірегі, қоғамның жүрегісіздер!

Posted on 05.03.202605.03.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Жоспар бойынша 1”А”сынып оқушылармен қыздар арасында “Бұрымды қыздар” атты байқау өткізілді.Басты мақсаты:ұлттық құндылықтарды дәріптеу,қазақ қызына тән мінез-құлық пен тәрбиені насихаттау,сондай-ақ қыз баланың сұлулығы мен мәдениеттілігінің белгісін көрсету. Ақын аталарымыз айтқандай: “Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген,шаштары он күн тарап, бес күн өрген” деп жырға қосқан екен сол себептен осындай бес күндік аясында қыздарымыз шаштарына мән берсе екендеміз.Сынып жетекшісі:Ережепова А.М.

Posted on 05.03.202605.03.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Posts pagination

Назад 1 … 6 7 8 … 16 Далее

Мектеп жұмысы

  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар
  • Мектептің өзін- өзі бағалауы
  • Аға тәлімгер
  • Салауатты өмір салты
  • «Асыл әжелер» клубы
  • Мектепалды даярлық
  • МЕКТЕП ТАРИХЫ
  • МЕКТЕП ПАСПОРТЫ
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ
  • Қорытынды аттестаттау
  • Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі
  • Әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық сосын осы рубрика
  • ҰБТ

Оқыту жұмысы

Кітапхана

Тәрбие беру жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Қамқоршылық кеңес

Асхана

  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар
  • Мектептің өзін- өзі бағалауы
  • Аға тәлімгер
  • Салауатты өмір салты
  • «Асыл әжелер» клубы
  • Мектепалды даярлық
  • МЕКТЕП ТАРИХЫ
  • МЕКТЕП ПАСПОРТЫ
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ
  • Қорытынды аттестаттау
  • Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі
  • Әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық сосын осы рубрика
  • ҰБТ

Copyright © 2026 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп.

Theme: Oceanly by ScriptsTown