Аталған іс-шараның мақсаты – оқушыларды әр халықтың ұлттық тағамдарымен таныстыру, мәдениетке деген құрметін арттыру және танымдық қызығушылығын дамыту.
Жәрмеңке барысында оқушылар түрлі ұлттардың тағамдарын ұсынып, олардың ерекшеліктері туралы мәліметтермен бөлісті. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті.
Іс-шараға белсене қатысып, қолдау көрсеткен ата-аналарға алғыс білдіреміз.
