Skip to content
Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Мектеп туралы
    • Мектеп құрылымы
  • Байланыс
  • Русский

🌿 “Таза Қазақстан” жобасы аясында мектебіміздің ұстаздары “Жасыл мектеп” челленджіне белсенді түрде қатысуда.♻️ “Таза жұма” акциясы барысында мектеп ұжымы мектеп аумағын тазалап, қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосты. Әрбір игі іс – болашақ ұрпаққа үлгі!💚 Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бірге таза, көрікті Қазақстанды қалыптастырайық!

Posted on 20.04.202620.04.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Жеңіс құтты болсын! 🏆7 сәуір күні Ақсу өңірі бойынша өткен «Үздік мектеп парламенті» қалалық байқауында мектебіміздің белсенділері ерекше көзге түсіп, жүлделі ІІ орынға ие болды! 🥈Байқауға қатысқан 9 мектептің ішінен біздің парламент өз жобаларының өзектілігін, ұйымшылдығын және креативті бағытын қорғап шықты. Бұл жетістік — әрбір оқушының, мектеп президентінің және жетекшілердің бірлескен еңбегінің нәтижесі.Алда бұдан да биік белестер күтіп тұр! Мектеп намысын абыроймен қорғаған жастарымызға сәттілік тілейміз! 🚀

Posted on 20.04.202620.04.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 𝐏𝐀𝐑𝐋𝐈𝐀𝐌𝐄𝐍𝐓📌 (@parliament_y.altynsarin)

🏃‍♂️ 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні 🏃‍♀️Осы атаулы күнге орай мектебімізде 5–11 сынып оқушылары арасында ауқымды спорттық жарыстар ұйымдастырылды 💪Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, дене белсенділігін арттыру, спортқа деген қызығушылығын дамыту және достық қарым-қатынасты нығайту болды.🔹 5-сынып оқушылары арасында көңілді әрі тартысты эстафеталық жарыстар өтті. Оқушылар жылдамдық пен ептіліктерін көрсетіп, командалық рухты сезіне білді.🔹 8-сыныптар жеңіл атлетикалық ойындарда өзара бақ сынасып, шыдамдылық пен шапшаңдықтарын дәлелдеді.🔹 9–10 сынып оқушылары арқан тарту сайысында күш сынасып, ұйымшылдық пен бірліктің үлгісін көрсетті 🤝Жарыс барысында барлық қатысушылар белсенділік танытып, әр команда жеңіске жету үшін бар күш-жігерін жұмсады. Спорттық дода жоғары деңгейде өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады 🔥Барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.✨ Мұндай шаралар жас ұрпақтың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды ұйымшылдыққа, достыққа және белсенді өмір салтына тәрбиелейді.Салауатты өмір салтын бірге қолдайық! 💚

Posted on 20.04.202620.04.2026 By admin
Жаңалықтар, Спорттық іс-шаралар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

2026 жылдың 7 сәуір күні облыстық «Абай оқуларында» ақындар мүшәйрасы бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Сарсенбай Нұрсәт 1-орын иеленді, жетекшісі қазақ тілімен әдебиет пәнінің мұғалімі Кожанова Нургуль Асылбековна. Құттықтаймыз!!! Қылқаламың ұшталып жаңа туындыларыңмен өнер биігін бағындыра беруіңе тілектеспіз!!!

Posted on 20.04.202620.04.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Жоспарға сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық отырыс өткізілді. Аталған кеңес барысында мектепішілік тіркеуде тұрған оқушылардың жеке құжаттары қаралып, олардың тәртібі мен сабаққа қатысуы талқыланды. Сонымен қатар, әр оқушының мінез-құлқындағы ерекшеліктері мен құқық бұзушылыққа бейімділік себептері сараланып, тиісті алдын алу шаралары белгіленді.

Posted on 20.04.202620.04.2026 By admin
Жаңалықтар

Кеңес нәтижесінде оқушылармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу, ата-аналарымен тығыз байланыс орнату және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар берілді. Алдағы уақытта құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

06.04.2026ж күні мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты қарастырылды.Ата-аналар алдында білім беру бөлімінің орынбасары, Ақсу қалалық полиция бөлімінің және төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері сөз сөйлеп, өзекті мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс аясында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүруі үшін қарастырылған әкімшілік жауапкершілік шаралары, сондай-ақ тиісті құқығы жоқ скутерлер мен мопедтерді басқарудың салдары түсіндірілді. Сонымен қатар буллингтің, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сондай-ақ ата-аналарға мұз үстінде қауіпсіз жүру ережелері, табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары және балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың қай жерде жүргенін үнемі бақылауда ұстаудың маңыздылығы туралы ескертілді.Жиналыс барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қорытынды аттестаттау, сыныптан сыныпқа көшу емтихандары, білім сапасын арттыру жолдары туралы ата-аналарға жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әлеуметтік педагог Яхияқызы Ұ. «Мектеп асханасы: қауіпсіздік пен сапа» тақырыбында баяндама жасап, оқушылардың дұрыс тамақтануы мен санитарлық талаптардың сақталуы жөнінде ақпарат берді.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнаманың негізгі баптарымен ата-аналарды таныстырды. Сонымен қатар мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс пен өзара жауапкершіліктің маңыздылығы атап өтілді.Жиналыс барысында оқушылардың интернеттегі қауіпсіздігі, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану мәдениеті, кибербуллингтің алдын алу мәселелері де қозғалды. Ата-аналарға балалардың цифрлық ортадағы әрекеттеріне назар аудару, олардың онлайн қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Posted on 20.04.202620.04.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Ақсу қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің әкімшілігі мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық жоспарына сәйкес болашақ 1-сынып оқушыларын мектеп өмірімен таныстырды. Іс-шара барысында балалар мектеп кітапханасына барып, оқулықтармен танысты. Сонымен қатар, олар сынып бөлмелерінде партаға отырып, тақтаға жазу жазып көрді және сергіту сәттерін өткізді.

Posted on 20.04.202620.04.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 5-сынып оқушыларымен «Бағдарлау» бағыты бойынша қызықты іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыру және олардың бағдарлау қабілеттерін дамыту болды.Іс-шара барысында оқушылар карта арқылы жұмыс жасап, арнайы жасырылған қазынаны іздеу тапсырмаларын орындады. Олар белгіленген нүктелерді тауып, түрлі кедергілерден өтіп, өздерінің шапшаңдықтары мен тапқырлықтарын көрсетті.Оқушылар белсенділік танытып, топпен жұмыс істеу арқылы ұйымшылдық пен бір-біріне қолдау көрсетудің маңызын түсінді. Қызықты әрі пайдалы өткен іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, денсаулықтың маңызын тағы бір еске салды. Жетекшісі: Ермеков Ж.Ж

Posted on 20.04.202620.04.2026 By admin
Спорттық іс-шаралар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Кенжекөл жастар қоғамдық бірлестігі Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, мемлекеттік тапсырыс аясында “Білезік”- ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдар жасау мастер класын ұйымдастырды. Бұл мастер класс қаламыздың орталық кітапханасында өтті.Мектебіміздің атынанХанат АйзереСерікбай ІнжуАрипова ДильназИскандерханова Әсел қатысып, нәтижесіндеХанат Айзере 1 орынАрипова Дильназ 1 орынСерікбай Інжу 3 орынИеленді🌷🌷🌷🌷Жетекшісі: Көркем еңбек пән мұғалімі Базар Назира

Posted on 20.04.202620.04.2026 By admin
Жаңалықтар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Дүниежүзілік денсаулық күніне Әкелер клубымен мектеп ұстаздары арасында волейболдан достық кездесу өткізілді.Өткізген: Толеутай Е.ЕСейлханов Қ.К

Posted on 20.04.202620.04.2026 By admin
Спорттық іс-шаралар

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Posts pagination

Назад 1 … 6 7 8 … 39 Далее

Мектеп жұмысы

  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар
  • Мектептің өзін- өзі бағалауы
  • Аға тәлімгер
  • Салауатты өмір салты
  • «Асыл әжелер» клубы
  • Мектепалды даярлық
  • МЕКТЕП ТАРИХЫ
  • МЕКТЕП ПАСПОРТЫ
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ
  • Қорытынды аттестаттау
  • Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі
  • Әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық сосын осы рубрика
  • ҰБТ

Оқыту жұмысы

Кітапхана

Тәрбие беру жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Қамқоршылық кеңес

Асхана

  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар
  • Мектептің өзін- өзі бағалауы
  • Аға тәлімгер
  • Салауатты өмір салты
  • «Асыл әжелер» клубы
  • Мектепалды даярлық
  • МЕКТЕП ТАРИХЫ
  • МЕКТЕП ПАСПОРТЫ
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ
  • Қорытынды аттестаттау
  • Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі
  • Әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық сосын осы рубрика
  • ҰБТ

Copyright © 2026 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп.

Theme: Oceanly by ScriptsTown