Мектепішілік жоспарға сәйкес тарих, құқық негіздері, география пәндерінің айлығын өткізу барысында 2026 жылғы 16 қазан күні 6 «г» сыныбында тарих пәнінен Кудайбергенова А.Б. ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, жасанды интеллект (ЖИ) элементтерін оқу үдерісіне кіріктірді. ЖИ көмегімен әзірленген көрнекі материалдар мен танымдық тапсырмалар білім алушылардың тақырыпты түсінуіне, тарихи ақпаратты талдауына және сабаққа белсенді қатысуына ықпал етті. Сонымен қатар цифрлық ресурстарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, олардың сыни ойлау және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.