Бүгін мектебімізде 6-сынып оқушылары арасында «Алтын күз-Арулар әлемі» байқауы жоғары деңгейде өтті! 🌟
Алтын күздің әсемдігін, сұлулығын және ерекше көңіл күйін сезіндірген байқауға 7 қатысушы қызымыз қатысып, өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. 💐
Байқау барысында қатысушыларымыз төмендегі кезеңдер бойынша бақ сынады:
👑 1. «Мен – Күз ханшайымымын!» — өзін-өзі таныстыру
👗 2. «Алтын күз» — сән үлгісі
🎤 3. «Өнерлі қыз» — өнер көрсету
🍎 4. «Күзгі ас мәзірі» — аспаздық қиял мен шығармашылық
🎭 5. «Күзгі импровизация» — тапқырлық пен шапшаңдық
🍁 6. «Сиқырлы жапырақ» — қызықты тапсырмалар кезеңі
Әр қатысушы өзіне тән ерекшелігімен, әсемдігімен, өнерімен және тапқырлығымен көзге түсті. Барлық қыздарымыз байқауға белсенді қатысып, өз өнерлерін лайықты деңгейде көрсетті. Әрқайсысы сахнада жарқырап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады! ❤️
Байқаудың өтуіне атсалысқан ұйымдастырушыларға, қатысушыларға және олардың дайындығына қолдау көрсеткен сынып жетекшілеріне шынайы алғысымызды білдіреміз! 💐
🌟 Өнерлерің өрге жүзсін, арулар! Алтын күздей жарқырап, әрдайым биіктерден көріне беріңдер! 🍂✨
