2026 жылғы 12 қараша күні «Ақсу қаласының Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі» КММ базасында «Инновациялық оқыту: Сингапур әдістерін тиімді қолдану жолдары» атты облыстық педагогикалық хакатон өткізілді.Іс-шараның мақсаты – Сингапур әдістерін білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдарын айқындау, педагогтердің әдістемелік құзыреттілігін арттыру және білім сапасын көтеру.Хакатон аясында ашық сабақтар, педагогикалық идеялар шеберханасы мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты.Іс-шара педагогтердің кәсіби әлеуетін дамытуға, тиімді оқыту тәжірибелерін таратуға және білім беру үдерісіне заманауи әдіс-тәсілдерді енгізуге жол ашты.