Skip to content
Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Мектеп туралы
    • Мектеп құрылымы
  • Байланыс
  • Русский

2026 жылғы 17 қараша күні Ақсу қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде бастауыш сыныптар айлығы аясында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің PhD докторы, қауымдастырылған профессоры Аспанова Гүлмира Рамазанқызы «Бастауыш сынып мұғалімінің жеке брендін дамыту» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағаты барысында бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби имиджін қалыптастыру, жеке брендін дамыту, педагогикалық тәжірибесін тиімді таныстыру және кәсіби әлеуетін арттыру мәселелері қамтылды. Сонымен қатар, мұғалімнің өзіндік кәсіби келбетін қалыптастыруда әлеуметтік желілер мен заманауи цифрлық құралдарды тиімді пайдалану жолдары көрсетілді. Практикалық жұмыстар арқылы қатысушылар жеке бренд қалыптастырудың негізгі бағыттарымен танысып, өздерінің кәсіби жетістіктері мен педагогикалық тәжірибелерін заманауи форматта таныстыру мүмкіндіктерін қарастырды. «Мұғалімнің жеке бренді – оның кәсіби құзыреттілігін, өзіндік ерекшелігін, педагогикалық жетістіктері мен құндылықтарын танытатын кәсіби бейнесі». Гүлмира Рамазанқызына құнды тәжірибесімен, кәсіби ой-толғамдарымен бөліскені үшін алғыс білдіреміз!

Posted on 18.11.202618.11.2026 By admin
Жаңалықтар
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Навигация по записям

❮ Previous Post: 🏛️ ЖАҢА ҚҰРАМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР!
Next Post: 2026 жылғы 12 қараша күні «Ақсу қаласының Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі» КММ базасында «Инновациялық оқыту: Сингапур әдістерін тиімді қолдану жолдары» атты облыстық педагогикалық хакатон өткізілді.Іс-шараның мақсаты – Сингапур әдістерін білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдарын айқындау, педагогтердің әдістемелік құзыреттілігін арттыру және білім сапасын көтеру.Хакатон аясында ашық сабақтар, педагогикалық идеялар шеберханасы мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты.Іс-шара педагогтердің кәсіби әлеуетін дамытуға, тиімді оқыту тәжірибелерін таратуға және білім беру үдерісіне заманауи әдіс-тәсілдерді енгізуге жол ашты. ❯

Мектеп жұмысы

  • 2026-2027 оқу жылын ұйымдастыру
  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар
    • Салауатты өмір салты
    • Спорттық іс-шаралар
  • Мектептің өзін- өзі бағалауы
  • Аға тәлімгер
  • «Асыл әжелер» клубы
  • Мектепалды даярлық
  • МЕКТЕП ТАРИХЫ
  • МЕКТЕП ПАСПОРТЫ
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ
  • Қорытынды аттестаттау
  • Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі
  • Әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық сосын осы рубрика
  • ҰБТ

Оқыту жұмысы

Кітапхана

Тәрбие беру жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Қамқоршылық кеңес

Асхана

Copyright © 2026 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп.

Theme: Oceanly by ScriptsTown