2026 жылғы 27 қазанда өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» – 2026» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңіне мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі Қурбонов Нуржигит Ашируғли қатысып, жоғары кәсіби шеберлігі мен білімін көрсетіп, жүлделі І орынға ие болды.
Бұл жетістік – ұстаздың кәсіби ізденісінің, білім мен тәжірибесін ұдайы жетілдіруге деген ұмтылысының және педагогикалық әлеуетінің айқын көрінісі.
Жеңімпазымызды лайықты жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы облыстық кезеңде сәттілік тілейміз! Біліміңіз бен біліктілігіңізді тағы бір мәрте дәлелдеп, биік белестерді бағындырып, мектебіміздің мерейін үстем ете беруіңізге тілектеспіз!
Облыстық кезеңде сәттілік серігіңіз болып, жеңіс жолыңыз жалғасын тапсын!
