2026 жылғы 27 қазанда өткізілген «Педагогикалық бастамалар» конкурсына мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ахметова Гүлсима Миннигалиевна мен Штифель Гүлмира Бектасовна қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Аталған байқау педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдауға, шығармашылық әлеуетін арттыруға және озық педагогикалық тәжірибелерін таратуға мүмкіндік берді. Әріптестерімізді лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті болып, шығармашылық ізденістеріңіз бен кәсіби жетістіктеріңіз арта берсін! Гүлмира Бектасовнаға облыстык кезенде сәттілік тілейміз!
