2026 жылғы 28 қазанда мектебімізде 4-сынып оқушылары арасында «Білгірлер сайысы» өткізілді. 🏆
🎯 Сайыстың мақсаты – оқушылардың білімдерін шыңдау, ойлау қабілеттерін дамыту, тапқырлыққа баулу және білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сайыс барысында оқушылар өз білімдерін ортаға салып, логикалық тапсырмаларды орындап, тапқырлықтары мен алғырлықтарын көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып, өзара білім додасына түсті.
✨ Білімді ұрпақ – ел болашағы!
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Жас білгірлерімізге толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
