Республика күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебімізде оқушылар арасында ұлттық ойын — арқан тартудан жарыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — ұлттық ойындарды насихаттау, оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру, күш-қайраты мен төзімділігін дамыту, бірлік пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жарыс барысында қатысушылар өз командаларының намысын қорғап, жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салды. Арқан тарту тек күштілікті ғана емес, бірлесе әрекет етуді, өзара қолдау мен үйлесімділікті қажет ететінін көрсетті. Жанкүйерлер де қатысушыларға қолдау білдіріп, жарыстың тартысты әрі көңілді өтуіне үлес қосты.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Барлық қатысушыларға белсенділігі мен жеңіске деген талпынысы үшін алғыс білдіреміз!
Осындай ұлттық ойындар оқушылардың достығын нығайтып, төл мұрамызға деген құрметін арттыра түседі. Бірлігіміз бекем, Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болсын!
