Республика күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебіміздің 4-сынып оқушылары арасында асық атудан жарыс өткізілді.
Жарыстың мақсаты — ұлттық ойындарды дәріптеу, оқушылардың ептілігі мен мергендігін дамыту, достық қарым-қатынас пен әділ бәсекеге баулу.
Оқушылар жарысқа белсенді қатысып, өзара бақ сынасты. Асық ату ойыны балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұлттық мұрамызға деген қызығушылығын арттырды.
Ұлттық ойын арқылы ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, салт-дәстүрімізді ұлықтай берейік!
