Skip to content
Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Мектеп туралы
    • Мектеп құрылымы
  • Байланыс
  • Русский

Білім беру ұйымдарымен әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық

Posted on 20.10.202620.10.2026 By admin
Жаңалықтар

Білім беру ұйымдарымен әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік серіктестікті дамыту және ынтымақтастықты арттыру мақсатында 2026 жылы республикалық және облыстық деңгейлерде білім беру ұйымдарымен меморандумдарға қол қойылды.
Республикалық деңгейде «Ақсу қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі» КММ атынан мектеп басшысы Егис Индира Егисқызы Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды қыз балаларға арналған „Білім-инновация“ лицей-интернаты» КММ атынан басшысы Р.Х. Үркімбаев және облыстық деңгейде «Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға филиал басшысы Ж.С. Умбетбаев екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» заңдарына сәйкес жасалды.
Аталған меморандумдардың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдары арасындағы өзара тәжірибе алмасуды дамыту, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибелерді тарату, білім алушылардың білім сапасын жақсарту және бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ⚜️ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МЕКТЕБІ | АКСУ (@altynsarin_bilim.ordasy)

Навигация по записям

❮ Previous Post: 6 «г» сынып оқушысы Куанышова Жанару әсемдік пен ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге арналған челленджге қатысуда.Сәттілік тілейміз!
Next Post: Ақсу қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2026 жылғы 16 қазан күні Ақсу қаласының Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде тарих, құқық негіздері және география пәндерінің айлығы аясында Педагогикалық шеберлік орталығы мамандарымен бірлескен «Тиімді сабақ дизайны: оқу мақсаты, белсенді оқыту және нәтижеге бағытталған бағалау» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.Семинарға Павлодар қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Альмаганбетов Қайыржан Сағынтайұлы қатысып, педагогтерге сабақ дизайнын тиімді құрудың маңыздылығын түсіндірді.Мектеп басшысы Егис Индира Егисқызы мектепте білім сапасын арттыру, білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою және олардың жеке қабілеттерін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оқушылардың білім деңгейлерін ескере отырып, қосымша сабақтар кестесі әзірленіп, пәндер бойынша білімдерін толықтыру және күрделі тақырыптарды меңгерту жұмыстары ұйымдастырылуда.Сонымен қатар ҰБТ-ға және пәндік олимпиадаларға дайындық жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың пәндік білімдерін тереңдетуге, тест тапсырмаларын орындау дағдыларын қалыптастыруға және оқу нәтижелерін жақсартуға басымдық берілуде.Жас педагогтермен жұмыс бағытында олардың кәсіби бейімделуіне, педагогикалық шеберлігін арттыруына және сабақ беру тәжірибесін жетілдіруіне әдістемелік қолдау көрсетіліп, тәлімгерлік жұмыстар ұйымдастырылуда.Қорытындылай келе, семинар-практикум педагогтердің сабақ дизайнын тиімді құрастыруына, белсенді оқыту әдістерін қолдануына және білім алушылардың оқу жетістіктерін нәтижеге бағытталған бағалауына ықпал етті. ❯

Мектеп жұмысы

  • 2026-2027 оқу жылын ұйымдастыру
  • Нормативті құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Ашық бюджет
  • Бос орындар
  • Аттестация құжаттары
  • Мектеп психологы
  • Спорттық іс-шаралар
    • Салауатты өмір салты
    • Спорттық іс-шаралар
  • Мектептің өзін- өзі бағалауы
  • Аға тәлімгер
  • «Асыл әжелер» клубы
  • Мектепалды даярлық
  • МЕКТЕП ТАРИХЫ
  • МЕКТЕП ПАСПОРТЫ
  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ
  • Қорытынды аттестаттау
  • Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі
  • Әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық сосын осы рубрика
  • ҰБТ

Оқыту жұмысы

Кітапхана

Тәрбие беру жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Қамқоршылық кеңес

Асхана

Copyright © 2026 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп.

Theme: Oceanly by ScriptsTown