«Адал азамат», «Заң және тәртіп» бағдарламалары және «Құқық бұзушылықсыз мектеп» жобасы аясында мектебімізде «Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірыңғай күн» өткізілді. Іс-шараға Ақсу қаласы прокуратурасының прокуроры Б. Е. Боранбек, полиция капитаны Р. М. Жұмабеков, полиция аға лейтенанты А. У. Еркінбаев, инспектор Н. Б. Бутеева , Ақсу қаласының білім бөлімінің бас маманы А. Б. Касенова және мектеп директоры И.Е Егис қатысты.Қауіпсіздік ережелерін білу – маңызды, ал оларды күнделікті орындау – одан да маңызды! Бірыңғай күн аясында мектебімізде түрлі бағыттағы танымдық, шығармашылық, профилактикалық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.Бастауыш сынып оқушылары үшін «Қауіпсіз бағыт: үй – мектеп – үй» тақырыбында жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған танымдық алаң өткізілді. 5–7-сынып оқушылары арасында «Адалдық – адамдықтың белгісі» шығармашылық байқауы, «Дені сау ұрпақ – қуатты ел!» спорттық эстафетасы және волейбол турнирі ұйымдастырылды.8–9-сынып оқушылары «Дос болайық – бірге болайық!» диалог алаңында достық, өзара сыйластық және буллингтің алдын алу мәселелерін талқылады.10–11-сынып оқушылары үшін жеке қауіпсіздік пен құқықтық сауаттылыққа арналған профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Ақсу қаласы прокуратурасының прокуроры Б. Е. Боранбек, мектеп инспекторы Н.Б Бутеева және мектеп директоры И.Е Егис оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және азаматтық жауапкершілік туралы түсіндірді. Сондай-ақ «Заң және тәртіп – әркімнің жауапкершілігі» тақырыбында диалог алаңы өткізіліп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.Өткізілген іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға, адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.