Бірыңғай профилактика күні аясында Ақсу қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері білім беру ұйымдарында профилактикалық іс-шаралар өткізді. Негізгі мақсат — кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және өз қауіпсіздігі мен іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
Оқушылармен кездесулер барысында полицейлер дәрістер мен профилактикалық әңгімелер өткізіп, қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелері, заңнама нормалары және құқық бұзушылық жасағаны үшін көзделген жауапкершілік шаралары туралы түсіндірді.
Балалардың күнделікті өмірдегі қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мектеп оқушыларына қоғамдық орындарда, жолда, мектепте және интернет желісінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ жасөспірімдерге бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасаудың және құқыққа қайшы әрекеттерге тартылудың ықтимал қауіптері түсіндірілді.
