Арада жылдар өтсе де, ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс үзілмейді. ❤️
2021 жылғы түлектер өздерінің аяулы ұстазы Толеутай Заммира Ерганатовнаға арнап арнайы бейнебаян түсіріп, Ұстаздар күнімен жүрекжарды құттықтауын жолдады.
Ең әсерлісі — ұстазға гүл шоғын сыйлаған шәкірттің өзі де бүгінде ұстаздық жолды таңдаған. 🌿
Бір кездері ұстазынан білім мен тәрбие алған шәкірттің бүгінде өзі бала тәрбиесіне атсалысып жүргені — ұстаз үшін үлкен мақтаныш.
Ал бейнебаяндағы әсем гүл шоғы — 2021 жылғы түлегіміздің кәсібінен.🌸 Бүгінде ол өзінің гүлдер салонын ашып, адамдарға гүл арқылы қуаныш сыйлап жүр.
Бір бейнебаянда — ұстазға деген құрмет, шәкірттің таңдаған мамандығы және түлектің өз кәсібі тоғысты. ❤️
Кешегі шәкірттеріміздің бүгінде өз жолдарын тауып, еңбектеніп, дамып жүргенін көру — біз үшін үлкен қуаныш!
Ұстазды ұмытпайтын шәкірттер барда, ұстаз еңбегі ешқашан өлмейді. 🌷
2021 жылғы түлектер, жүрекжарды құттықтауларыңыз үшін алғысымыз шексіз! ❤️
