Құрметті «Спортландия» әдістемелік бірлестігінің ұстаздары!Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!Сіздер – шәкірттерге білім беріп қана қоймай, оларды салауатты өмір салтына, белсенділікке, ұйымшылдыққа және жеңіске деген жігерге тәрбиелеп жүрген білікті мамандарсыздар. Еңбектеріңізбен мектебіміздің спорттық өміріне серпін беріп, шәкірттердің биік белестерден көрінуіне жол ашып келесіздер.Әр сабағыңыз шәкірт жүрегіне қуат, әр еңбегіңіз нәтижеге, әр күніңіз қуанышқа толы болсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт және шәкірттеріңіздің жарқын жеңістерін тілеймін!Ұстаздық жолдарыңыз абыройлы, еңбектеріңіз жемісті, жетістіктеріңіз биік болсын!Мерекелеріңіз құтты болсын, қадірлі әріптестер! 🌷🏆