Жыр жолдарын жүректен өріп, көркем ойымен көптің көңілін баураған Нұрсәт – нағыз талант иесі. Оның әрбір сөзі – сезім, әрбір шумағы – сыр болып, әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Бұл – тек жеңіс қана емес, үлкен өнердің, маңдай тер мен тынымсыз еңбектің жемісі.
Осы жетістікке жету жолында бағыт-бағдар берген жетекшісі Қожанова Нұргүл Асылбекқызының еңбегі ерекше. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен еңбегі бүгін өз жемісін берді.
Сәрсенбай Нұрсәтты және жетекшісі Нұргүл Асылбекқызын шын жүректен құттықтаймыз! Республикалық кезеңде де ақындық өнеріңмен биіктен көрініп, жеңіс тұғырын бағындыра беруіңе тілектеспіз.
Жұлдызың әрқашан жарқырай берсін! 🌟
